14 там, 2020 сағат 16:20

«Қоғамдық келісім» РММ-нің сарапшысына қатысты тергеу басталды

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ-нің бас сарапшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы AntikorNews бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ол роликтер шығару бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 1 млн теңге сомасында қаражат алды деген күдікке ілінді», - дейді 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Бұл іс бойынша күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.