Фото: Тұрар Қазанғапов
Психолог маманның айтуынша, бағасы сапасына сай емес. Енді ашылған мектептердің өзі удай баға қояды – жылына 2,5 миллион теңге. Ал бұл бағаны кез келген ата-ананың қалтасы көтермейді.
Мысалы Haileybury Алматы. Мұнда даярлау тобына балаңызды берсеңіз жылына - 6 932 000 теңге, 1-2 сынып оқушылары үшін – 10 115 000 теңге, ал жоғары сынып оқушылары жылына – 15 000 000 теңге беріп оқиды.
Одан бөлек, жемқорлардан тәркіленген қаражатқа биыл 25 мектеп салынады деген мәлімет тарады. Ол 28 мың оқушыны сыйғызады. Шымкентте, Жетісу өңірінде және Қызылорда облысында – 3 мектептен; Жамбыл облысында – 4 мектеп; Астана қаласы мен Алматы облысында – 2 мектептен; БҚО, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысында 1 мектептен салынбақ.
Салынатын мектептердің статусы жекеменшік болады ма, мемлекеттік болады ма, ол уақыттың еншісінде. Қандай болса да, алдымен білім емес, тәрбие беретін білім ордасы құрылғаны дұрыс болар дейді психолог. Себебі білім санаға сіңіп, ойда қалады. Ал, тәрбие адамның күллі жан-дүниесіне әсер етеді, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Ол 45 минут сабақ берумен шектелмейді, үздіксіз жүретін үдеріс. Сондықтан адамды отбасы, қоғам, қоршаған орта тәрбиелейді. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы отбасылық тәрбие болса, содан кейін баланың мектепте алатын тәрбиесі.