Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлін 49 жылға рекреациялық мақсатта жалға берілмейтінін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық басқарма бұған дейін жарияланған конкурстың бірінші тармағы алынып тасталғанын айтты.
«Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы рекреациялық мақсатта жалға беру бойынша конкурс тізіміндегі су объектілері арасынан Көбейтұз көлін алып тастады», - дейді басқарма.
Бұған дейін Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдерін 49 жылға жалға беруге байқау жариялаған еді.