Еліміздің ірі компаниялары - «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» 2019 жылдан кешіктірілмей жекешелендірілетін болады.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сәрсенбі, 10 мамыр күні мәлімдеді.
«Үш компанияның акциялары IPO арқылы сатылатын болады», - деді министр Reuters агенттігіне Кипрде өткен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің жыл сайынғы жиналысы шеңберінде.
Қазақстанда 120-дан астам шағын және орта компания жекенің қолына өтіп үлгерді. Қазіргі уақытта ірі кәсіпорындарды жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде.