03 қаң, 2022 сағат 20:10

ҚХЛ: «Барыс» жаңа жылдағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті


«Барыс» өз айдынында «Динамо» (Рига) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші кезеңде 17-минутта елордалықтар капитаны Роман Старченко есеп ашты.

Екінші таймда Антон Сагадеев есепті еселегенімен, қонақтардан Мартиньш Карсумс гол соқты. Дегенмен Р.Старченко тағы да мергендік танытты - 3:1.

Үшінші кезең Юрий Михайлис шәкірттерінің толықтай басымдылығымен өтті. Әуелі Якоб Берглунд көзге түсті. Сосын Никита Михайлис қатарынан екі голдың авторы атанды. Матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, Роман Савченко нүкте қойды - 7:1.

Осылайша 45 ойыннан кейін 44 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында сегізінші орынға нық жайғасты.

Елордалықтар келесі бәсекені 5 желтоқсан күні өз айдынында ҚХЛ көшбасшыларының бірі - «Металлург» (Магнитогорск) клубымен өткізеді.