«Барыс» хоккей командасы ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатының кезекті матчын өткізді. Елордадағы аренада біздің команда «Северсталь» құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Оlympic.kz.
Қақпаны бұл жолы Йони Ортио қорғады. Денис Қаратаев мұз айдынына шығып, құрамға Әлихан Әсетов, Линус Виделль мен Егор Шалапов оралды.
Елордаға келген қонақтар именіп те, тартынып та қалған жоқ. Алғашқы 4 минуттың өзінде екі рет шайба салып үлгерді. Қарсылас командадан Игорь Гераськин мен Адам Лишка командасын осылай өрге сүйреді. Алғашқы кезең аяқталғанға дейін Лишка есеп айырмасын үшке дейін ұзартты.
Қарсылас команданың басымдығына «Барыс» тек екінші кезеңде жауап берді. «Барыс» сапындағы Егор Петухов белсенді қимылдап, «Северсталь» командасының қақпасынан екі рет саңылау тапты. Қалған уақытта ұрымтал сәттер жиі болғанымен есеп осы күйінде қалды. Осылайша, «Барыс» 2:3 есебімен қонақтарға есе жіберді.
Алдағы уақытта «Барыс» Уфа-Мәскеу-Қазан бағдары бойынша сапарға шығады. «Салауат Юлаев» командасымен матч 12 қазанда өтеді.
«Барыс» – Северсталь – 2:3 (0:3, 2:0, 0:0)
0:1 Гераськин (Капустин) 00:27
0:2 Лишка (Яковлев, Адамчук) 03:06
0:3 Лишка (Морозов, Каримов) 11:27
1:3 Петухов (Асетов, Сведберг) 30:29
2:3 Волк (Лилья, Блэкер) 31:17
Қақпашылар: Ортио – Шугаев