19 қаз, 2020 сағат 12:20

ҚХА өкілдеріне арналған практикалық семинар-тренинг өтті

Этномәдени бірлестіктердің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында онлайн ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері өкілдеріне арналған практикалық семинар-тренингте ҚХА этномәдени бірлестіктердің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету мәселесін көтерді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Б.Мажағұлов, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Х.Ерсейітова, сондай-ақ республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысқан шарада мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл тетіктері, жанжалдарды шешу мәселелері қаралды.

Семинар-тренингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова «Интермәдениеттілік және жанжалдардың алдын алу» мәселесін қозғады.

«Қазіргі әлем қалыптасқан қоғамдардағы этникалық, діни, мәдени көріністің күрделенуіне әсер ететін жаһандық және көші-қон процестерінің күшеюі кезеңі ретінде сипатталады. Әлемдік қоғамдастық мәдени интеграцияны қазіргі заманның сын-тегеуріндерінен өту және нақты даму модельдеріне шығу мүмкіндігі ретінде қабылдайды.  Коммуникация құралы – тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл адамның мәртебесін және мемлекеттің бірегейлігін айқындайды», - деді әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова.

Семинар барысында спикерлер ретінде ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы А.Садвокасова, ҚХА кеңесінің мүшесі Ш.Исмаилов және «Возрождение» немістер қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары, жоба менеджері Е.Гизик сөз сөйледі.

«Бүгінгі жиында талқыланып отырған мәселелер мен ұсыныстар Қазақстан халқы Ассамблеясыеың мүшелеріне ғана емес, күллі қазақстандықтарға ортақ мәселе деп білемін. Ассаблея бұл тарапта кішкене болсын өз үлесін қосу мақсатында осындай игі шараларды ұйымдастыра береді деп сенемін», - деді ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы А.Садвокасова.

Әлеуметтік желілерде тікелей трансляция жасайтын онлайн іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, концерттер, сабақтар, дәрістер және т.б.) ұйымдастыру бойынша шеберлік сабағын өткізген ҚХА Кеңесінің мүшесі, ҚХА LIVE жобасының жетекшісі Шавкат Исмаилов қатысушыларға заманға ілесе отырып, жаңа технологиялар мен бағдарламаларды қолдану, ғаламтор әлемінде сапалы контент ұсыну, интернет-ресурстарда жұмыс істеу тәсілдері туралы тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар интермәдениеттілік теориясы және жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша оқытудан өтті, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тікелей трансляциямен түрлі форматтағы онлайн-іс-шараларды ұйымдастыру бойынша мастер-класс өткізілді.

Сонымен қатар, семинар барысында Ассамблеяның әлеуметтік-маңызды және мәдени-ағартушылық жобаларын іске асыруды көздейтін «Қоғамдық келісім» мекемелерінің этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл жоспарлары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін этномәдени бірлестіктердің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында онлайн ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері өкілдеріне арналған практикалық семинар-тренингте ҚХА этномәдени бірлестіктердің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Сонымен қатар, аталған шара аясында мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл тетіктері, жанжалдарды шешу мәселелері қаралды.