Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына мерейтойлық медальдар тарту етті. Марапаттау рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтің өзі қатысты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Марапаттау рәсімінде Жансейіт Қансейітұлы елдегі және әлемдік жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын, кез келген ұйымның жұмысын насихаттауда ақпарат құралдарының маңызды екенін айта келе, халықтың сұранысына сай ақпарат айдынында қызмет етіп жүрген бірқатар басылымдар мен телеарналардың басышыларына алғыс білдірді. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев көп ұлтты Қазақстанның ел ынтымағы мен татулығын дәріптеген бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан халқы Ассаблеясының жұмысының маңыздылығын көрсетуде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан көп ұлтты зайырлы мемлекет. Ұлттардың ынтымақ-бірлігі мен татулығы ел басшыларының саясатына ғана емес, халық арасындағы ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарына да тікелей байланысты. Қазақстан халқы Ассаблеясын ұлттардың бірлігіне жұмыс істесе, Бұқаралық ақпарат құралдары сол жұмыстарды насихаттауға қызмет етеді. Яғни Отанымыздың біртұтас бірлігі үшін бәріміз жұмыса жұмыс істейміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын көрсетуде сіздердің еңбектеріңіз ерен. Смондықтан да біз 25 жылдық мерейтой қарсаңында мерейтойлық медальдар тапсыруды жөн көрдік. Сіздер қандай марапатқа болса да лайықсыздар. Барлық жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіріп, шығармашалықы табыстар тілейміз!», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Аталған қабылдауға «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасы Вячеслав Пащенко, «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Сабит Малдыбаев қатысты.
«Біз біртұтас мемлекетпіз. Көп ұлтты республикамыз. Біздің көпұлтты, көпдінді саясатымыз әлем елдеріне үлгі екені анық. Қазақстан Республикасының бас басылымы «Егемен Қазақстан» газеті еліміздің мемлекеттік саясатын толықтай қолдайды. Сондықтан да Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы біз үшін де маңызды. Сіздерді 25 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстан халқына ынтымақ-бірлік, татулық пен ортақ түсінік тілейміз! Алдағы уақытта да мемлекетіміздің саясатын дәріптеу жұмыстарын жалғастырып, сіздерде тек жаңалықтармен кездесеміз деп сенемін», - деді «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі.
Осы орайда барлық мекемелердің жұмысы халыққа көрінуі үшін Бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығына тоқталған «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасы Вячеслав Пащенко Қазақстан халқы Ассамблеясын 25 жылдың мерейтойымен құттықтады.
«Еліміз тәуелсіздік алған жылдары сындарлы саясатты насихаттауда көп еңбек етуімізге тура келді. соның сәтті нәтидесі бүгін міне Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Қазақстан көп ұлтты, көп дінді ұстанатын зайырлы мемлекет. Біз еліміздің сарабдал саясатын насихаттауда жаңалық жаршысы бола алғанымызға қуаныштымыз. Сіздерді бүгінгі мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Мерейтойлық медальдар тапсыру жақсы идея екен, бұл шығармашылық ұжымдар мен шығармашылық адамы үшін шабыт сыйлайтын мүмкіндік. Қолдауларыңызға алғысым шексіз», - деді «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасы Вячеслав Пащенко.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын Қазақстан Республикасының Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойларына орай мерейтойлық медальдармен марапаттады.