19 мау, 2024 сағат 09:32

Киіз үйде жартылай жалаңаш билеген: Желіде тараған видеоға қатысты Балаева пікір білдірді


Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаш билеген қыздардың видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталмыш видеоға қатысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

"Мәдениет және ақпарат министрі ретінде киіз үйде би билеп, бейәдеп әрекетімен қоғам назарын аудартқан бейнеролик туралы айтқым келеді. Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді", – делінген жазбада. 


Сондай-ақ министр медиа саласында жүргендерді контент жасауда мұқият болуға шақырды. Министрдің айтуынша, кез келген шығармашылық жұмыста ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды құрметтеуге басымдық таныту керек. 

Бұған дейін желіде киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тараған болатын. Негатив пікірлердің көптігінен видеоның бас бишісі Instagram аккаунтын жауып тастаған.