07 сәу, 2026 сағат 13:30

Киберқауіпсіздік – қазіргі заманның қорғаныс талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында елдегі цифрландыруды дамытумен қатар киберқауіпсіздік мәселесін де көтеріп келеді. Киберқауіпсіздік қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздікпен біте қарастырылып отырған өзекті мәселе. 

Елдегі әр саланы цифрландыру кезеңінде хакерлік шабуыл, бағдарламалаудағы қателер орны толмас шығынға әкелуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі күн тәртібінде тұрған тақырып - мемлекеттік деректердің қауіпсіздігі, цифрлық соғыстың алдын алу, киберқауіпсіздікті бақылауға алу.

Қазақстан цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кезең кезеңімен жұмыс атқарып келеді. Осы бағытта «Киберқалқан» тұжырымдамасы бекітіліп, ақпараттық қауіпсіздік стандарттары енгізілді. 

Арнайы құрылымдар цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғаламтор кеңістігіне маниторинг жүргізу, киберқылмыстарды анықтау, қауып-қатердің алдын алу жұмыстарымен айланыстады. 

Киберқауіпсіздік бір ғана елдің мәселесі емес, ғаламтор жайлаған заманда әлем елдерінің әрқайсына қатысты мәселе. Сондықтан Қазақстан аймақтық шараларда бас көрсетіп, киберқауіпсіздік мәселесінде тәжірибемен бөліседі, өзге елдермен бірлесе киберқылмыстарға қарсы күрес жүргізеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында киберқауіпсіздік нормаларын талқылауға қатысады. 

Әлем елдері БҰҰаясында киберкеңістікте жауапкершілік нормаларын қалыптастыру, кибершабуылдардың алдын алу, цифрлық қауіпсіздік стандарттарын енгізу мәселелерін көтеріп келеді. Бұл әрекеттер өз кезегінде түрлді деңгейде нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Киберқауіпсіздік Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалар аясында әрекет етіп, арнайы қызметтің белсенді жұмысымен қатар халықаралық ынтымақтастыққа дейінгі әр түрлі жұмыстармен нәтиже беріп отыр.