12 жел, 2021 сағат 20:45

Хоккей: Қазақстан жастары Венгрия құрамасынан басым түсті


Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионында алғашқы ойынында Венгриядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Нәтижесінде Абай Маңғысбаев 1-минутта мергендік танытса, Всеволод Логвин 18-минутта есепті үстемелей түсті. 

Ал екінші кезеңнің 25-минутында Қазақстан құрамасының басымдығын арттыра түсті. Бұдан кейін венгриялық хоккейшілер бір шайбамен жауап қайырды. 

Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. 

Енді еліміздің жастары 13 желтоқсанда Норвегиямен шеберлік байқасады.