22 қар, 2021 сағат 18:08

"Хат қалдырған". Алматыда әйел үш баласымен 9-қабаттан неге секіргені айтылды

Сурет: Tengrinews.kz©

Алматы полициясы үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғанын атады. Полиция мәліметінше, әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына тұрмыстық негіздегі жанжал себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 22 қарашада түс ауа "Жетісу" ықшамауданында болған.

"Тергеудің осы кезеңінде 9-қабаттан үш баласымен секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынас негізінде жұбайымен жанжал болған. Ол өз-өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырған", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Тергеу-жедел тобы құрылған.

Бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды.