20 нау, 2017 сағат 08:00

«Хан Шатырда» Наурыз мейрамы үш күн тойланады

«Хан Шатыр» СОСО-да Наурыз мерекесі 20, 21 және 22 наурызда тойланады. Атриумда үлкен сахна орнатылып, киіз үй тігіледі. Келушілер үшін қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 наурызда сағат 16.00 мерекелік концерт өткізіліп, көрермендер түрлі ойындарға қатыса алады, елордалық би топтарының өнерін тамашалайды.

Сонымен қатар, 21 наурызда сағат 12.00-де ұлттық киім киген қыздар келушілерге бауырсақ ұсынады, мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі қыран бүркіт мерекенің сәнін келтірмек. Көрермендер арасында түрлі жарыстар өткізіліп, сыйлықтар табысталады. Көпшілік назарына акробаттар шоуы, «Шашу» биі ұсынылады. Шара соңында мықты жігіттер «Қазақ күресінде» шеберлік байқасады.

22 наурызда сағат 16.00 елордалық топтардың қатысуымен концерт өтеді.