Фото: Видеодан скриншот
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ ЖҚД бірлесіп Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК басшыларының бірнеше рет пара алу әрекетін әшкереледі.
Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы — құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдікке ілінді.
— Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, — делінген Антикор таратқан хабарламада.
Бұдан бұрын Антикор Қазақстанның туризм саласындағы сыбайлас жемқорлықты тексеретіні хабарланды.
Сондай-ақ, сот сыбайлас жемқорлық дерегіне қатысы бар Алматы облысындағы түрменің бұрынғы бастығына үкім кескенін жаздық.