#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

Халықпен дөрекі сөйлескен Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне тәртіптік іс қозғалды

  • 13.08.2020
  • 0
  • 89

Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне тәртіптік іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі Ерхан Тәткен айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың Талдықорған қаласы тұрғындарымен кездесуі барысындағы видеоға назар аударып, оның барысында Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін бұзу фактісін анықтаған. 

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облыстық департаментіне істі Әдеп жөніндегі кеңесте қарай отырып, мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қозғау тапсырылды. Тәртіптік істі қарау нәтижесі қоғамға жеткізілетін болады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі Ерхан Тәткен. 

Еске сала кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желіде шенеуніктің Талдықорған кәсіпкерлерімен кездесуінің видеосы таралған болатын. Онда тұрғындар бас санитарлық дәрігердің дөрекілік танытқандығына шағымданған еді. Осыдан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысы бас санитарлық дәрігеріне қатысты тексеруді бастауды тапсырды.

Айта кетерлігі, Ерғали Сыдыманов Алматы облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып 12 тамызда ғана тағайындалды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар