Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысын құру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл өте жақсы бастама, тағы не айта аламын. Енді екі облыс болады. Халыққа жақсы, бізге де жақсы", - деді Даниал Ахметов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынған еді.
"Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған", - деді Тоқаев.