21 мау, 2023 сағат 14:41

"Халыққа, билікке көмектессін": Депутат байларды өңірлер бойынша бөлуді ұсынды

Фото: facebook.com/edilzh

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жылумен жабдықтау проблемаларын, жылу беру жүйесін дамыту мәселелерін Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер көмегімен шешуді ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қаражат пен технологияны қайдан аламыз? Тарифті үнемі көтере беруге болмайды, ал бюджетте шектеулер бар. Инвестиция мәселесі де тарифке байланысты болады, өйткені инвестицияны қайтару керек. Осы тұрғыда менде бір ұсыныс бар, біреулер популистік деп айтар, біреулер тағы басқа деуі мүмкін. Бізде Forbes тізімінде 160 миллионер мен миллиардер бар. Соның бастапқы 20-сын өңірлер бойынша бөлуді ұсынамын, солар көмектессін. Мемлекетіміздің бүкіл байлығынан пайда тапты, байыды, енді халыққа, мемлекетке көмектессін. Бар ғой ақшалары, оның бәрін о дүниеге алып кетпейді ғой", - деді Жаңбыршин.

Бірақ депутат мұндай қымбат және тиімсіз жобаларға миллиардерлерді қалай тарту керек екенін айтқан жоқ.