Фото: Антикор
Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі, халықаралық іздеуде жүрген Дәуренбек Қожабаев ұсталды.
— Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлықпен күрес қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, — деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.
46 жастағы күдікті ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, іздеу жарияланған еді. Ол Шымкент қаласындағы мектептердің бірінің директорын қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін пара алған болуы мүмкін. Тергеу барысында Қожабаевтың қайда екенін айтқан адамға сыйақы жарияланып, есімі құпия болатынан кепілдік берілді.
Естеріңізге сала кетсек, былтыр ағасы Мақсат Қожабаев пара алғаны үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айрылды.