18 жел, 2024 сағат 16:27

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы: Алматы тұрғындарының идеялары қалай жүзеге асырылуда?

Фото: Алматы әкімдігі

2022-2024 жылдары Алматы тұрғындарының өтініші бойынша жалпы сомасы 39,1 млрд теңгеге 938 жоба іске асырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның айтуынша, бұл жобалардың барлығы қала тұрғындары белсенді қатысып, қаланы жақсарту үшін өз идеяларын ұсынатын «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған.

«Біз ХҚБ аясында жобаларды іске асыруға жыл сайынғы лимитті 17 млрд теңге деңгейінде белгіледік. Сондай - ақ, бұрын іске асырылған ХҚБ жобаларын ұстау үшін бірінші рет әр ауданға 200 млн теңгеге дейін қаражат бөлінуде», - деді Ерболат Досаев.