05 мау, 2022 сағат 21:34

Халқымыз бірігіп, болашаққа қадам жасағандай сезіледі - Бану Нұрғазиева


Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева референдум туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Барлық жерде адамдар референдумға саналы түрде, көтеріңкі көңіл-күйде қатысуда. Бұл туралы ҮЕҰ чаттарында да жазады. Барлық өңірде дауыс беру қызу жүріп жатыр. Референдум комиссиясы барлық мүмкін байланыс арналарына СМС-хабарламалар арқылы сайлаушыларға хабарлауды нақты пысықтады. Мен референдумға бірнеше күн бұрын Каспийдің платформасында өзімнің сайлау құқығымды қай учаскеде жүзеге асыра алатыным туралы еске салуды көрдім.

Таңертең сайлау учаскесіне келгенде, менің қасымда балалармен, арбадағы сәбилермен бірге жастар өз пікірлерін білдіруге келгенін көріп таң қалдым" - дейді Нұрғазиева.

Оның айтуынша, бұл - азаматтық жетілудің көрсеткіші.

"Барлығы бір-бірін осы маңызды оқиғамен құттықтап жүр. Адамдар референдумға, елдегі демократиялық өзгерістерге деген көзқарасын білдіру мүмкіндігіне қуануда. Әріптестерім, өңірлердің үкіметтік емес ұйымдары атап өткендей, барлық жерде достық, жайлы көңіл күй орнуда.

Олар қандай да бір себептермен жолда болса, шын жүректен алаңдап, кешкі сегізге дейін дауыс беруге уақыт болады деп үміттенеді. Менің туыстарым референдумға қатысудың маңыздылығын бірінші рет талқылап жатқанын көрдім. Халқымыз бірігіп, болашаққа қадам жасағандай сезіледі. Бұл керемет сезім!" - деп жазды ол.