UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы ресейлік чемпион Хабиб Нурмагомедов "карьерасын 100 пайызға аяқтағанын" мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"29-0. Ол карьерасын ресми түрде аяқтады, 100 пайыз. Сенің қалай жұмыс істегеніңді көру керемет болды, бәріне рақмет, одан әрі болатын жағдайлардан ләззат ал, досым", - деп жазды Дана Уайт Instagram-да.
Бұған дейін Нурмагомедов карьерасын қайта бастауды жоспарламайтынын айтқан, ол титулдарынан тезірек босатуды сұраған.