Фото: turantimes.kz
Атырауда Жайық өзеніне батып қаза болған 14 жастағы Мерлан Сананың ісі қоғам назарын аударды. Марқұмның отбасы істің қысқартылуына келіспей, Бас прокуратурадан оны қайта қарап, қасақана әрекет ретінде тергеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Ult.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Анасының
айтуынша, тергеу барысында іс 104-бап (абайсызда қазаға ұшырату) бойынша
қаралып, кейін күдікті жасөспірімнің қылмыстық жауапкершілік жасына жетпегеніне
байланысты тоқтатылған.
Жәбірленуші тарап
бұл шешіммен келіспейді. Олар баланың суға әдейі итерілгенін алға тартып, істі
99-бап (адам өлтіру) бойынша қайта саралауды сұрайды.
Отбасы күдіктілер
тарапынан марқұмның әпкесіне де қоқан-лоқы көрсетілгенін айтады. «Келесі
кезек сенікі» деген сөздер айтылғаны жөнінде шағым бар.
Полиция департаменті істің тоқтатылуын күдіктінің жасына және тергеу нәтижелеріне байланысты деп түсіндірді. Істі қайта қарау туралы шешімді прокуратура қабылдайды.
