07 қар, 2020 сағат 13:30

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында Назарбаев халықаралық әуежайында рейд өткізілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының «Есіл» аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық бағдарламасы шеңберінде рухы мықты жандар үшін нысандардың қолжетімділігін тексеру мақсатында рейд жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" партияның қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ерекше жандар үшін барлық жағдай халықаралық талаптарға сай жасалған. Әуежайға кіргеннен бастап арнайы тетік арқылы көмек шақыра алады. Көмек шақырылғаннан кейін борт қызметкерлеріне арнайы хабарландыру беріледі. Демалу орындары да қарастырылған», - деді комиссия мүшесі Юсуп Келигов. 

Сонымен қатар әуежайда менталды ауытқушылығы бар адамдарға және аутизммен ауыратын балаларға арнайы бейджиктер беріледі. Бортқа өту барысында бейджиктің көмегімен ешқандай кедергіге тап болмайды. Осы сынды тексерістер Қазақстанның барлық аумағын қамтитын болады.