Желіде базардан сатып алынған қазының ішінен шүберек табылған бейнежазба тарап кетті, - деп хабарлайды zhest.kz парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.
Бейнежазбада қазының Алматыдағы танымал базардың бірінен сатып алынғаны анық айтылған. Белгісіз тұрғын қазыны кесіп, оның ішінен умаждалған маталарды бірінен кейін бірін алып шығуда.
Тұрғын оны «масқара» деп, алдағы уақытта базардан ет алғанда сақ болуға шақырады.
Желі қолданушылары да, қазыны сатып алған жеріне өткізу туралы пікір білдіріп, «ет сатып аларда абай болу керек» деген сынды пікірлерін жаудырып жатыр.