08 қыр, 2016 сағат 09:18

ҚазҰУ студентіне ағаш құлап кетті: Қыздың жағдайы мүшкіл


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің маңында 18 жастағы қызға ағаш құлап кетті. Ол қазір ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы kaz.tengrinews.kz тілшісіне зардап шеккен қыздың әпкесі хабарлады.

"Біз ҚазҰУ-да бірге оқимыз. Сабақ сағат 16.00-де аяқталды. Менің әпкем Мөлдір Ержанова университеттен шығып, аялдама жаққа қарай жүрді. Сонда оның үстіне ағаш құлап кетті. Куәгерлер әпкемнің жағдайын көріп, жедел жәрдем шақырды. Мөлдір Қалқамандағы 7-ші ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр, ота жасату керек шығар. Біз әзірше ештеңе білмейміз", - деді Зере Жұмағалиева. - Ағаш оның басына құлап кетті, бірақ әпкем есін жоғалтқан жоқ. Ол осымен екінші тәулік ұйықтаған жоқ. Оған комаға түспес үшін ұйықтамау керек деп айтқан екен".

Туыстарының айтуынша, қыз география факультетінің екінші курсында оқиды.

Клиникадағы дәрігерлер зардап шеккен қыздың денсаулығы жайлы айтып берді. "Науқастың жағдайы ауыр, ота жасау мәселесін талқылап жатырмыз. Дәрігерлер оның жағдайын бақылайды. Қыз жабық бассүйек ми зақымын алған, самай сүйегі сынған", - деп хабарлады №7 ауруханадағы №2 нейрохирургия бөлімінің орынбасары Ильдар Кұрманов.

Сондай-ақ, Tengrinews.kz тілшісі Бостандық ауданының әкімдігіне хабарласты. Алайда әкімдіктегілер бұл оқиға жайлы білмейтінін және оқиға орнына барғаннан кейін осыған қатысты түсінік беретінін айтты.