23 мам, 2017 сағат 08:04

«ҚазТрансОйл» Атырау облысындағы 50 га жерді 10 жыл бойы заңсыз пайдаланған

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау облысында 10 жыл бойы 50 га жерді заңсыз пайдаланған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Жер туралы» заңның бұзылуы біздің басқарма мамандары мен көлік прокуратурасының бірлескен жоспардан тыс тексеруі барысында анықталды. Тексеру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» компаниясының 10 жыл бойына мемлекет жерін және жерасты құбыры желілерін өз пайдасына заңсыз пайдаланғандығы анықталды. Заңсыз пайдаланылған жер телімдері облыстың Құрманғазы және Жылыой аудандарында орналасқан», - деді Атырау облысы жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасының бастығы Ғибрат Сүлейменов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«ҚазТрансОйл» ісіне қатысты әкімшілік іс жүргізіліп, 4 млн 764 мың теңге айыппұл салынды. Компания бір ай көлемінде заң бұзушылықты жоюға міндетті.