16 мау, 2022 сағат 10:45

"Қазтеміртранс" АҚ филиалының директоры ұсталды


Қостанайда "Қазтеміртранс" АҚ филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел өткізгені үшін жүйелі негізде пара алды деп әшкереленді. Күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны хабарланды.