23 сәу, 2024 сағат 18:48

Қазгидромет қай өңірлерде топырақ әлі ерімегенін айтты

Фото: ҚР Үкіметі

2024 жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында топырақтың қатуы сақталады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.


Қостанай облысында топырақтың қатуы облыстың 3 ауданында байқалады: Қарабалық ауданында 60-65 см-ден 90-95 см-ге дейін.
Ақмола облысында - әлі де Целиноград, Шортанды, Біржан сал аудандарында және Көкшетау қаласында сақталады. Қату тереңдігі 106-153 см, жоғарғы қабаттың еруі 48-81 см, Целиноград ауданының Новоишимка ауылы маңайында 129 см тереңдікке дейін еріген.
Қарағанды облысында топырақтың қатуы тек Осакаровка ауданында 65-150 см топырақ қабатында сақталады.


Павлодар облысында - топырақтың толық еруі тек бақылау пункттерінің жартысында ғана байқалады.
Ертіс және Железинка аудандарында топырақтың қатуы 115-150 см тереңдікке жетеді, еруі 62 см-ден 129 см-ге дейін. Тереңкөл және Успенка аудандарында топырақ 138-203 см тереңдікке дейін, Лозовая станциясының маңайында 236 см дейін қатқан күйде қалады, топырақтың еруі 81 см-ден 147-150 см-ге дейін.

Шарбақты ауданының орталығында қату 105-тен 257 см-ге дейінгі қабатта байқалады, ауданның оңтүстігінде топырақ еріген. 
Шығыс Қазақстан облысында топырақтың қатуы Катонқарағай ауданында ғана сақталады - қатудың төменгі шекарасы 93 см, еруі 57 см тереңдікке дейін байқалады. 

Қазақстанның қалған аумағында топырақ толығымен еріген.