13 нау, 2025 сағат 11:07

Қазгидромет Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады


Фото: vk.com


Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды, - деп хабарлайды Қазгидромет. 


"13 наурызда Өскемен, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.


Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.