24 қаз, 2024 сағат 18:37

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады


Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев


Қазгидромет Алматы мен тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


"2024 жылғы 25 қазанда Атырау, Ақтөбе және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.


Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.