28 нау, 2025 сағат 10:59

Қазгидромет 11 қаланың тұрғындарына ескерту жасады


Фото:depositphotos.com


Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Ult.kz.


"28 наурызда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Астана қалаларында, түнде Петропавл қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.


Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.


Еске салайық, бұған дейін 27, 28, 29 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.


Алдағы күндері ауа райына Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтитын антициклон әсер етеді. Сондықтан елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Кейбір өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.