Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі өз кәсібін тоқтатты. Бұл шешімі туралы ол ресми сайтында жария етті.
Оның хабарына қарағанда, бұрынғы саясаткер коммерциялық емес іспен айналысуды жөн көріпті. Блэр бұл іске Tony Blair Associate (TBA) қаржы резервтерін жаратпақ. Айта кетейік, ол TBA оның 2008 жылы құрған компаниялар тобы. Бұл мекемеде әлемнің 20 елінен 200 қызметкер жұмыс істейді.
Блэр өз мәлімдемесінде табыс алып отыру үшін жеке кеңес айтумен айналысуын жалғастыратынын, бірақ өзінің "жұмыс уақытының 80 пайызын" Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі коммерциялық емес жұмысқа ауыстыруды шешкенін жазған.
TBA консультациялық қызмет көрсетумен айналысады, оның қызметін бірінші болып Кувейт алыпты, бұл ел компанияға 27 миллион фунт стерлинг төлепті. БАҚ-тар TBA-ның Қазақстан үкіметімен де бірге жұмыс істегенін хабарлаған еді. Блэр экономикалық реформалар бойынша мәселелерге қатысты кеңес берген. Мұнымен қатар, ол Әзірбайжан үкіметімен қызметтес болыпты.
Тони Блэр Ұлыбритания үкіметін 1997-2007 жылдар аралығында басқарды.