18 қаз, 2021 сағат 08:45

Қазақстанның УЕФА рейтингіндегі орны белгілі болды


УЕФА Литвадағы әлем чемпионатынан кейінгі футзал бойынша еуропалық құрамалардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Еуропалық құрамалардың рейтингінде Испания командасы көш бастап тұр. Екінші орында Ресей тұрса, үштікті әлем чемпиондары Португалия түйіндеді. Қазақстан төртінші орында тұр. 

УЕФА құрамаларының рейтингі: 

1. Испания – 2493,789 

2. Ресей – 2464,226 

3. Португалия – 2450,616 

4. Қазақстан – 2385,842 

5. Хорватия – 2051,042 

6. Әзербайжан – 2015,589 

7. Сербия – 2007,570 

8. Италия – 1934,516 

9. Чехия – 1887,535 

10. Украина – 1856,420