22 қаң, 2021 сағат 09:13

Қазақстанның солтүстік өңіріне -40 градусқа дейін аяз түседі

 

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде: оңтүстік аймақтарда -10...-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32...-40℃ дейін. Еліміздің кей жерлерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі» делінген хабарламада.