25 қаз, 2019 сағат 14:25

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі қызметіне ресми түрде кірісті

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Федералдық Президент Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін, соның ішінде келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарлар талқыланды. Сондай-ақ, 2019 жылғы 28 қазанда Берн қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы сөз болды.