Фото: ашық дереккөз
Cейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 06 қазанда Астана бойынша уақыт бойынша сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Эпицентр 465 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Қырғызстан аумағында болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл және Түркістан облыстарында 4 балдық, Шымкент қаласында 3 балдық жер сілкінісі сезілді.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 5,9.
