ҚР Президентінің Жарлығымен Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Серік Достанұлы Пірімбетов 1973 жылы 17 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1996 ж.).
Дипломатиялық қызметін 1997 жылы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаментінде референті қызметінен бастап, содан кейін атташе және үшінші хатшы болып жұмыс істеді.1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 2004 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде аға сарапшы, бас инспектор, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2009 жылдан бастап 2018 жылдың наурызына дейін - Қазақстан Республикасы Президент Протоколы бастығының орынбасары болды.Қазақстанның Латвиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді.II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар. Испан және ағылшын тілдерін меңгерген.Үйленген, ұлы бар.