27 шіл, 2020 сағат 11:45

Қазақстанның "киберқалқаны": 2022 жылға қандай жоспар құрылды?

Киберщит (киберқалқан) – ақпарат қауіпсіздігі немесе қиберқауіпсіздік деп аталады, яғни электронды ақпараттық ресурстардың, әртүрлі ақпарат жүйесінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы немесе ішкі қкиберқауіптерден қорғайтын қауіпсіздік. Сол себепті киберщиттің мақсаты – кез келген электронды ақпараттың қауіпсіздікдігін сақтау.

Киберқылмыстың өсуі қазіргі заманның өзекті мәселесі болып отыр. Ол тіпті қауіпсіздікке қауіп төндірумен қатар, мемлекет мүддесіне тікелей немесе жанама түрде зиян келтіруі мүмкін. Осындай және өзге де қауіпті құбылыстардың алдын алу үшін республика киберқылмыспен күрес жөніндегі бағдарламаның тұжырымдамасын қабылдаған болатын.

Ол интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады, соның ішінде әртүрлі алаяқтар мен түрлі кибершабуылдардан, жеке деректердің жария болып кетпеуінен қорғай алады.  Сондай-ақ, қабылданған тұжырым халықты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелерімен хабардар етуді, ақпараттық қауіпсіздікті басқаруға қабілетті жоғары технологиялық мемлекеттік жүйені құру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше немесе соғыс жағдайыларын енгізудің алдын алу және жедел ден қою мәселелерін қарастырады.

Қазақстанда киберщит 2016 жылы әлеуметтік желіде адам өміріне қауіп төндіретін интернет ойынның пайда болуынан кейін қолға алынды. 2017 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік сертификатын қамтитын "Қазақстанның киберқауіпсіздігі" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіпсіздік сертификатын отандық мамандар әзірлегенін, шетелдіктердің бұл іске тартылмағанын айтты.

Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуге бағытталған "Қазақстан-2050" стратегиясы ескеріле отырып, Қазақстан президентінің Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауына сәйкес киберқалқан тұжырымы әзірленді. Ол жайлы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылдың 30 маусымдағы № 407 қаулысында айтылды, яғни, Қазақстандағы киберқалқан заңы қабылданды. Тұжырымдама мемлекеттік мекемелерді ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, "цифрлы" экономиканы дамыту және өнеркәсіптегі өндірістік процестерді технологиялық жаңғырту дамыту жолдары, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету аясын кеңейту саласындағы жағдайды бағалауға негізделген.

Бұған дейін Қазақстанда "ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" туралы республика үкіметінің заңы 1998 жылы 31 желтоқсанында қабылданған болатын. Одан бері бұл заң үш рет редакцияланды. Ол жерде ақпараттық-коммуникациялық желілер, "электрондық үкімет" тақырыбы бойынша тиісті өзгертулер енгізілді.

Елдегі киберқауіпсіздің тұжырымдамасын іске асыру екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – 2017-2018 жылдар, екінші кезең-2019-2022 жылдар аралығы. Бірінші кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белгіленген талаптар мен шараларды сақтаудың белгілі бір тәжірибесі қалыптасты. Осы тәжірибе барысында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Осы нақты мәселе бойынша мамандар саны артты. Кибершабуылға арналған орталықтар ашылды.

2017-2018 жылдар аралығындағы бірінші кезеңде Қазақстан кибершабулы бойынша әлем бойынша 40-орында тұр. Халықтың киберқауіпсіздік қатерлері туралы хабар алып отыруы 63%-ды құрайды, ал ақпараттық қауіпсіздік саласын қызметкерлермен қамтамасыз ету 46% болды.

Айта кету керек, өткен жылдың дерегі бойынша, Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік бойынша екі жедел орталық және компьютерлік шұғыл жағдайға байланысты үш жедел әрекет қызметі мен 700-ден астам білікті мемлекеттік қызметкер жұмыс істеп жатыр.

Ал екінші кезеңде кибер қорғанысты одан әрі дамыту жоспарланған болатын. Осыған орай 2016 жылдан 2022 жылға дейінгі жоспар құрылды. Енді белгіленген межелі уақытқа дейін киберқауіпсіздік, оның ішінде ел азаматтарының киберқауіпсіздік жайлы ақпараты 100%-ға жетуі тиіс.

Статистикаға сәйкес, киберқауіпсіздік 2018 жылы 20%, 2019 жылы 40% болды. 2020 жылы 60% болуы керек, ал 2021 жылы 80% болады деп күтілуде, ал 2022 жылы 100% болады. Ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер жайлы хабарлауды 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 5%-ға, 2020 жылы он пайызға, 2021 жылы 15%-ға, 2022 жылы жиырма пайызға арттыру көзделген. Сондай-ақ, едегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандар санына да көңіл бөлінген. Демек, 2018 жылы 300  маман қайта даярланып шықса, 2022 жылға дейін оның саны сегіз жүз адамға жетеді. KZ және .ҚАЗ домені бар интернет-ресурстарының шифрланған деректерін 2020 жылы 60%-ға жеткізіп, 2022 жылы жүз пайызға жеткізу көзделген.