02 қаз, 2024 сағат 13:01

Қазақстанның қай өңірінде жол апатынан қаза тапқандар көп?

Фото: pexels.com

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында қазақстандықтар жол апатынан жиі қаза табатын өңірлерді атап, прокурорларға тапсырма берді, деп хабарлайды Ult.kz.

Бас прокуратура басшысының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының саны 90%-ға өскен.

"Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артып барады. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте үрдіс теріс. Осыған байланысты прокурорларға нақты шараларды әзірлей отырып, ең алдымен жолдардың неғұрлым авариялық-қауіпті учаскелеріне назар аудара отырып, себептерін мемлекеттік органдармен егжей – тегжейлі қарауды тапсырды", - деп жазды Асылов.


Қазақстанда ЖКО санының өсуі туралы бұған дейін ішкі істер министрлігі де мәлімдеген болатын. Ведомство жыл сайын Қазақстан бойынша ЖКО-да 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мыңнан астам адам түрлі жарақат алатынын хабарлаған.