29 қаз, 2025 сағат 10:19

Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына 29 қазанға ауа райы болжамы

Фото: Ашық дереккөзден

Қазгидрометтің болжамы бойынша 29 қазанда Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарының басым бөлігінде әзірге қар жауып, күн суытады деп болжанып отырған жоқ, бірақ кей өңірлерде жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды Ult.kz.

Астана қаласында күндiз ауа температурасы +11+13 °C көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы -2-4 °C шамасында. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Алматыда ауа температурасы күндіз +15+17 °C, көшпелі бұлтты, аздаған жаңбыр. Түнде +7+9 °C шамасында, көшпелі бұлтты, таңертең аздаған жаңбыр күтілуде. Батыстан ұйытқитын желдің жылдамдығы: 3-8м/с.

Семейде күндiз ауа температурасы +10+12 °C, түнде -3-5 °C көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 1-6 м/с.

Қонаев қаласында күндiз ауа температурасы +16+18 °C аздаған жаңбыр, ал түнде +7+9 °C шамасында. Көшпелі бұлтты, таңертең аздаған жаңбыр жауады.

Көкшетауда ауа температурасы күндiз +10+12 °C, ал түнде 0 °C болады деп болжануда. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12м/с.

Ақтөбе қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндiз +13+15 °C, ал түнда шамамен +3,+5 °C болады. Оңтүстік-шығыстан ұйытқитын желдің жылдамдығы 5-10м/с көрсетуі мүмкін.

Атырау қаласында күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +16 +18 °C шамасында, ал түнде ауа температурасы +8 +10 °C болады деп болжанып отыр. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с.

Өскеменде ауа температурасы күндiз +10+12 °C, ал түнде 0,-2 °C шамасында. Көшпелі бұлтты, жаңбыр жаумайды. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 1-6 м/с болуы мүмкін.

Тараз қаласында көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай болады, күндіз ауа температурасы +15+17 °C шамасында, түнде +6+8 °C күтіледі, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, тұман болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Талдықорғанда ауа температурасы күндіз +17+19 °C көрсетеді, ал түнде +3+5 °C болады. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. 

Оралда күн бұлтты, жаңбыр және таңертең, түнде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз +11+13 °C көрсетсе, түнде ауа температурасы +7+9 °C көрсетеді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с.

Қарағанды қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +11+13 °C шамасында болса, түнде -2-4 °C көрсетеді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14м/с.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +11+13 °C, түнде шамамен 0+2 °C. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с шамасында.

Қызылорда қаласында күндіз ауа температурасы күндіз +17+19 °C шамасында, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде шамамен +2+4 °C көрсетеді.

Ақтау қаласында ауа температурасы күндіз +18+20 °C шамасында, түнде +10+12 °C шамасында. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с шамасында.

Павлодар қаласында ауа температурасы күндіз +10+12 °C, ал түнде -2-4 °C шамасында. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады.

Петропавлда күндіз ауа температурасы +9+11 °C шамасында, ал түнде -1+1 °C көрсетеді деп болжануда. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. 

Түркістан қаласында күндіз ауа температурасы +18+20 °C көрсетеді деп болжанса, түнде+7 +9 °C болуы ықтимал. Күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 8-13 м/с болмақ. 

Шымкентте де күн жылы болады. Ауа температурасы күндіз +19+21 °C көрсетсе, түнде +9+11 °C шамасында. Күндіз және түнде көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 8-13 м/с шамасында. 

Жезқазған қаласында күндіз ауа температурасы +12+14 °C, ал түнде -1+1 °C шамасында. Жауын-шашын болжанып отырған жоқ. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 5-10 м/с деп болжанады.