#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Қазақстанның Елшісі Португалия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

  • 10.12.2019
  • 0
  • 352

Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшісі Дәулет Батырашевтың Португалия Президенті Марселу Ребелу де Созаға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін Португалия Президентіне жеткізді. Д.Батырашев өзара әрекеттестіктің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға күш салуға деген басшылығымыздың қызығушылығын растады. Осы орайда, ағымдағы жылы еліміздің Португалиядағы Елшілігінің ашылғандығын атап өтті.

Қазақстандық дипломат Президент Қ.Тоқаев алға қойған негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы, экономиканы әртараптандыру, транзиттік-көліктік әлеуетті ілгерілету, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларды модернизациялау жөніндегі шаралары туралы хабардар етті.

Тараптар екі ел арасындағы қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтті. Сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ көпжақты саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге өзара қызығушылығы білдірілді.

Өз кезегінде, М. Ребелу де Соза Қазақстанды ауқымды саяси және экономикалық жетістіктерімен құттықтап, Лиссабонның Қазақстанмен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға дайындығын білдірді. Ол қазақстандық-португал қатынастарын сапалы жаңа деңгейге көтерудің алғышарттарының бар екенін айтып, осыған байланысты, екіжақты байланыстарды тереңдету үшін одан әрі тығыз өзара әрекеттестіктің қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында М. Ребелу де Соза Қазақстанның Елшісін қызметке кірісуімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар