30 шіл, 2020 сағат 14:07

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 31 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Петропавл қаласында 31 шілде күні түнде найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %. 

Батыс-Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстікте 37 градусқа дейін аптап ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде өрт қауіпі сақталады. Ауа райы болжамының ытималдылығы 85-90%.