03 шіл, 2025 сағат 16:31

Қазақстанның екі экс-вице-министрі ұсталды: олардан 370 мың доллар мен 4,5 млн теңге тәркіленді

Фото: ашық дереккөз

Алматыда тағы бір ірі көлемдегі жемқорлық ісі тергеліп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" мен "Бірінші кредиттік бюро" басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу болжамынша, Кредиттік бюро басшылығы өз мүдделерін өткізу үшін орталық басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақылар берген.

2025 жылғы 28 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 75 мың даоллар көлеміндегі пара беруге қатысты факті бойынша келесі тұлғалар ұсталды:

  • - Р. Омаров – «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің бас директоры,
  • - А. Сарбасов – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі қызметін атқарған;
  • - Д. Арғандыков – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы, бұрын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.

Тінту кезінде 370 000 АҚШ доллары мен 4,5 млн теңге тәркіленді.

30 маусымда сот шешімімен аталған үш адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда.