Каталин Раду Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Каталин Раду "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директоры болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Каталин Раду бұған дейін ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы директорының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары, ИКАО 37-Ассамблеясының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарған.