04 қаң, 2017 сағат 13:36

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды" делінген хабарламада.