Фото: Pexels.com
Қазақстанның туризм министрі Ербол Мырзабосынов елге саяхаттап келген туристерге SIM картаны тегін беруді ұсынды, деп хабарлайды Ult.kz.
Министр туристердің Қазақстанға келген сәтте желі мен интернеті ұстамайтынын ескеріп, осындай ұсыныс жасады.
Сондай-ақ Қазақстанның ірі қалаларында әуежай мен қала орталығының арасында қатынайтын түнгі автобустарды іске қосу ұсынылды.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристердің елімізде жайлы және қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мәселесі қаралғаны туралы жазған болатынбыз.