05 сәу, 2022 сағат 18:14

Қазақстанға 22 тонна темекіні заңсыз кіргізбек болған шетел азаматы ұсталды - ҚМА


Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті экономикалық контрабандамен айналысқан шетелдік азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз орталығына сілтеме жасап.

"Шетел азаматы жалған құжаттарды өтірік транзит схемасымен Қазақстан аумағына салмағы 22 тонна темекіні заңсыз әкелген", - делінген хабарламада.,

Күдікті Әзербайжаннан Ауғанстанға, Қазақстан бойынша Маңғыстау облысының Құрық теңіз портынан Жамбыл облысына дейін транзитке жалған мәлімделген темекісі бар жүк көлігін жүргізген.

Алматы облысының аумағында заңсыз жүкті түсіріп жатқан жерінен ұсталды.

Сот үкімімен заңсыз әкелінген контрабандалық жүк мемлекет кірісіне айналдырылды.