Бүгінде Цифрлы Қазақстанда цифрлы қызмет көрсету, онлайн қызмет көрсету түрлері қарқынды жүзеге асырылып келеді. Сондай жаңалықтардың бірі бұдан былай қазақстандықтардың ұялы телефонына жеке құжаттардың мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама жіберіледі, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Белгілі болғанындай, жеке куәліктің, паспорттың және жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаны туралы SMS телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарға құжат мерзімінің аяқталуына бір ай қалғанда келеді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, SMS хабарламада «Жақын арада сіздің жеке куәлігіңіздің (паспорттың, жүргізуші куәлігінің) қолданылу мерзімі аяқталатынын еске саламыз. Жаңа құжатты алу үшін үйден шықпай-ақ eGov.kz арқылы өтініш бере аласыз» деп жазылады.
«Проактивті қызметтің арқасында адамдар құжат мерзімін өткізіп алмай, тапсырыс бере алады. Осылайша, біз қазақстандықтардың мерзімі өткен құжаттар үшін айыппұл төлемеуіне жағдай жасағымыз келеді. Осы орайда біз мобильді азаматтар базасы арқылы барлық жағдайды қамтамасыз етіп, халыққа өашықтан қызмет көсретіп, онлайн жұмыс істеуге тырысып жатырмыз. Бүгінгі таңда қарапайым жұрт та осылай қажетті қызметтерін алуға дағдылана бастады. Біз бұл үшін өте қуаныштымыз», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Бүгінде eGov.kz порталынының онлайн қызметі де қарқынды түрде жүзеге асырылып, белсенді дамып жатқанын естеріңізге саламыз. Оның ішінде жеке куәлік пен паспортты аталған порталында «Паспорт, жеке куәлік алу» қызметін пайдалану арқылы ұзартуға болады. Ал қолдану мерзімі өткен жеке басты куәландыратын құжаттарды тек Халыққа қызмет көрсету орталығына ауыстырады.
«Бүгінде өздеріңіз көріп отырсыздар, халыққа қызмет көрсетудің барлық түрлері ондайн жүзеге асырылып жатыр. Әсіресе дәл қазіргідей қиын кезеңде, елімізде ғана емес, бүкіл әлемде жаулаған пандемия әсері қашықтан қызмет көрсету, онлайн қызмет алу жұмыстарын қарқынды дамытып, халықты да осыған үйрете бастады. Бүгінде Халыққа өызмет көрсету орталығына клемей-ақ қажетті құжаттарыңызды ала аласыздар. Медициналық ұйымдарға да онлайн жазылып, онлайн кеңес алу мүмкіндігі де туған. Сондықтан әрбір азаматты Халыққа қызмет көрсету орталығын іздеп, көше кезбей, үйде отырып-ақ, eGov.kz порталы арқылы өзіне қажетті қызмет түрін пайдалануға кеңес береміз», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Егер сіздің жүргізуші куәлігіңіздің қолдану мерзімі өтіп кетсе, сондай-ақ, тегі, аты және әкесінің аты өзгерген, жоғалған немесе ұрланған жағдайда порталда онлайн өтінім беру арқылы қайта шығаруға болады. Ол үшін «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдайсыз. Міне, бүгінде мобильді азаматтар базасы да үнемі жаңартылып, әр азаматтың анықтамалары сақталып отыр.
Осы орайда мобильді азаматтар базасының жұмысы аясында 1414 нөмірі де қарқынды жұмыс істеп жатқанын айта кетейік.
Естеріңізге саламыз, Бүгінде Цифрлы Қазақстанда цифрлы қызмет көрсету, онлайн қызмет көрсету түрлері қарқынды жүзеге асырылып келеді. Сондай жаңалықтардың бірі бұдан былай қазақстандықтардың ұялы телефонына жеке құжаттардың мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Белгілі болғанындай, жеке куәліктің, паспорттың және жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаны туралы SMS телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарға құжат мерзімінің аяқталуына бір ай қалғанда келеді.