19 нау, 2022 сағат 21:07

Қазақстандық жеңіл атлет Белградтағы әлем чемпионатында қола жүлде алды


Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Надежда Дубовицкая қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол биіктікке секіру бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Надежда 1 метр 98 сантиметр нәтижесін көрсетті. Нәтижесінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Аталған сайыста алтын медаль украиналық Ярослава Магучихқа бұйырды. Ал екінші орынға австралиялық Элеонора Паттерсон жайғасты.

Бұл жетістікті қазақстандық мамандар тарихи медаль ретінде бағалап отыр. Осылайша Надежда Дубовицкая елімізде жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшы ретінде ерекшеленді.