Naiza промоушенінде жекпе-жек өткізетін қазақстандық спортшы Қазбек Сағынның әрекеті жанкүйерлер назарынан тыс қалмады. Оның кездесу алдында жаттықтырушысы айтқан сөзіне бас изеуі мүлде бөлек күй кештірген.
Жарыста Қазбек бразилиялық Мурило да Сильваны айқын жеңіп шықты. Ал жанкүйерлер жұдырықтасудан гөрі жекпе-жек алдындағы сәтті көбірек талқылауда. Себебі жаттықтырушы Эдуард Базровтың сөзінен кейін спортшы әсері басқаша болады.
Айта кетейік, Эдуард Базров қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты да жаттықтырады.